Жалған микрокредиттен сақтаныңыз

0
205

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді: жалған микрокредиттен сақтаныңыз.  Микроқаржы ұйымдары тарапынан қазіргі таңда электрондық тәсілмен, 45 күнге дейін мерзімге 50 АЕК-ке дейінгі сомада онлайн-микрокредит беру кеңінен таралған. Алайда,  мұндай микрокредиттер алаяқтардың  қызығушылығын оятты. Олар азаматтардың дербес деректерін заңсыз иелену немесе қол жеткізу арқылы  не интернетте табылған дербес деректер (ЖСН) бойынша жалған микрокредиттер ресімдейді,  деп жазады Qarazhat.

Көп жағдайда алаяқтар азаматтарды адастыру арқылы оларға психологиялық тұрғыдан әсер етеді не азаматтарды заңсыз ресімделген кредиттік қаражатты қаскүнемдердің шоттарына ерікті түрде аударуға итермелеу мақсатында сенімін пайдаланады.

Алаяқтықтың  тағы бір түрі — SIM-карталарды иесінің келісімінсіз қайта шығару, ақша қаражатын қашықтан банкинг арқылы ұрлау үшін SMS-ты қайта жіберу/ұстап қалу. Сондай-ақ алаяқтар телефон нөмірлерін ауыстыру бойынша бағдарламаларды пайдаланады, бұл оларға бөтен нөмірлер арқылы жасырынуға мүмкіндік береді.

Жалған микрокредиттер беруге қарсы іс-қимыл мақсатында 2021 жылғы мамырдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредит берген қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті. Енді онлайн-микрокредит беру үшін МҚҰ үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті:

— электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;

— Қарыз алушыны биометриялық идентификаттау арқылы;

— қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.

Сонымен бірге, 2022 жылғы қаңтардан бастап МҚҰ клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруге міндетті.

Азаматтардың жалған берешегіне жол бермеу және қаскүнемдердің әрекеттерінен қорғау үшін Агенттік 2022 жылғы 16 қаңтардан бастап берешекті реттеу тәртібін енгізді.

Енді азамат микрокредит заңсыз ресімделгені туралы құқық қорғау органдарына жүгінген кезде, МҚҰ күнтізбелік үш күн ішінде жалған микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұруға және клиентке қатысты талап-арыз жұмысын тоқтатуға міндетті.

МҚҰ-ның осы талапты мүлтіксіз және уақтылы орындауын қамтамасыз ету үшін, Агенттік пен құқық қорғау органдары арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға (бұдан әрі — Меморандум) қол қойылды. Меморандумға сәйкес Агенттік жалған микрокредит фактісі расталған кезде, МҚҰ-ның кредиттік бюродағы мәліметтерді түзету және берешекті есептен шығару шараларын қабылдауына мониторинг жүргізеді.

Берешектің бар-жоғын тексеру үшін әрбір азамат «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың ресми сайтынан мына мекенжай бойынша өзі туралы кредиттік есепті сұрата алады: https://id.mkb.kz/#/auth және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-дан (www.1cb.kz) мына мекенжай бойынша https://www.1cb.kz/product-buy/pko  (www.mkb.kz).

Photo by https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/382092?lang=kk

Предыдущая статьяҚазақстан Ресеймен сауда-сатыққа мүдделі ел ме?
Следующая статьяҚазақстан мұнайының атауы өзгере ме?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here